Баласының тәрбиесіне көңіл бөлмеген Қостанай облысының тұрғынына айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Қамысты ауданының тұрғыны 2008 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған баласының тәрбиесі мен оқуына көңіл бөлмей, ата-аналық міндетін дұрыс атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азаматша К-ның ұлы соңғы үш айда нақты себепсіз мектепке бармаған.

Қамысты ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-тің 127 бабы 1 бөлігі бойынша (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы)  айыпты деп танылып, оған 7 АЕК көлемінде (15 000 теңге) айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.   

Қайнар: 
Қамысты аудандық соты