Кәмелеттік жасқа толмағанға зорлық жасаған сотталушының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облыстық соты ҚР ҚК-нің 120 бабы 3 бөлігі, 3 тармағы бойынша (кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлық жасау) сотталған 23 жастағы Юрий Никитиннің апелляциялық шағымы бойынша қылмыстық істі қарады. Қылмыстық іс материалдары бойынша, кәмелеттік жасқа толмаған жәбірленуші ағымдағы жылдың шілде айының соңында Меңдіқара ауданында тұратын немере апасы Г.Никитинаға қонаққа барып, онда 1 тамызға дейін болады.

Сол күні сағат түнгі он кездерінде жәбірленушінің апасы өзінің жұбайы – Юрий Никитинмен ренжісіп қалады. Ұрыстан кейін Никитин Қостанай ауданында тұратын ата-анасының үйіне кетпек болған. Қонаққа келген қыз баланың үйі сол ауылда болғандықтан Никитинмен үйіне жетіп қалуды өтінеді. Жолға шығар алдында олар таныстарымен стадион аумағында екі шыны ішімдік ішіп, сағат 01.30 шамасында үшеуі мотоциклмен жолға шығады. Ортақ таныстары Зыряновты жолшыбай ауылда тастаған екеуі Қостанай ауданына бет алады. Алайда көліктері сынып олар жолда қалған. Никитин мотоциклді жөндей алмай олар өткінші көлікті күтуге келіседі. Біраз уақыт өткен соң жәбірленуші қыз бала көліктің қасында ұйықтап кетеді. Мұны байқаған сотталушы оның қорғансыз жағдайын пайдаланып оған зорлық көрсеткен.

Сот үкімімен Ю.Никитин айыпты деп танылып, оған қатаң тәртіптегі түзету колониясында 11 бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған болатын.  

Қостанай облыстық сотының сот алқасы бірінші инстанциялы сот үкімін өзгеріссіз қылдырып, сотталушының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі