Қостанай ауданының тұрғыны ҚР Қызыл кітабына енгізілген құсты атқаны үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Жангелдин аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу)  Қостанай ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

Айыпталушы К. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қаулысымен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген Безгелдек құсының екеуін заңсыз атқаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот қылмыстық істі келісімдік іс жүргізу тәртібімен қарап, оған 2 жыл бас бостандығын шектеу және жазаны өтеудің барлық кезеңіне пробациялық бақылау белгілеу түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен бірге, сотталушыдан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру үшін мемлекет пайдасына 453 800 теңге және іс бойынша процестік шығындар өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: