сот үкімі

Қостанай ауданының тұрғыны ҚР Қызыл кітабына енгізілген құсты атқаны үшін жазаға тартылды

20/11/2017

Қостанай облысының Жангелдин аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу)  Қостанай ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

Қостанайда сот көлік жүргізушісіне 2,5 жыл бас бостандығынан айыру және 2 млн. теңге моральдық зиянды өтеу жазасын тағайындады

21/06/2016

Қостанай қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни көлiк құралдарын басқаруда жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуда айыпталған 1980 жылы туған Вячеслав Урсанға қатысты сот үкімін шығарды.

В.Урсан 2015 жылдың 16 қарашасында сағат 08.00 шамасында Қостанайдағы «Рассвет» автобус аялдамасының маңында «Mersedes Benz 814» маркалы автокөлігімен жүріп келе жатып қылмыстық менмендік жасап, жолақты жерден жолдан өтпек болған жаяу жүргінші К.Өтеулинді соғып кеткен.

Зейнеткерді тонағандар 4 жылға сотталды

06/06/2016

Лисаков қалалық соты бұған дейін де бірнеше рет істі болған 1982 жылы туған В.Негрий мен 1985 жылы туған С.Киселевқа қатысты қылмыстық істі қарады. Олар ҚР ҚК-нің 191 бабы 2 бөлігі 1,3,4 тармақтары бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тұрғын үйге заңсыз кiріп жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін ашық тонау) айыпталған.

Қостанайда №13 автобус жүргізушісі жаяу жүргіншінің қазасына кінәлі деп танылды

25/05/2016

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотына 1969 жылы туған Бекболат Хусаиновқа  қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни көлiк құралдарын басқаруда жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану
қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуда айыпталған болатын.

Қостанайда зейнеткерлерге зиянын келтірген «қара риэлтор» ісі бойынша сот үкім шығарды

16/05/2016

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында пәтер алаяқтығымен айналысып, денсаулыққа ауыр зиян келтіріп адам тонауда және ұрлық жасауда айыпталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды. Олар бұған дейін бірнеше рет сотталған үш жігіт – Рахат Күлтлымұратов, Денис Черанев және Ғабит Бейлов.

Қостанайда жергілікті әкімдіктің бұрынғы лауазымды қызметкерлеріне қатысты сот үкімі жарияланды

07/04/2016

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында  сыбайлас жемқорлық фактісіне қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды. Сотталушылар - бұрын Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ф.Арекелян, «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бұрынғы басшысы Ж.Шинкин және «СМУ-2010» ЖШС директоры А.Бобровный.  

Лисаков қаласында пәтер тонаған әйелге сот үкімі шығарылды

14/03/2016

Қостанай облысының Лисаков қалалық соты Лисаков қаласында бірнеше ұрлық жасады деп айыпталған 1989 жылы туған Александра Сарсеноваға қатысты сот үкімін шығарды.

2015 жылдың 5 маусымында А.Сарсенова Қостанайдан Лисаков қаласына барып бірнеше қылмыстық әрекет жасаған.

Сарсенова телефон шалуды өтініп жәбірленушілердің үйіне заңсыз кіру арқылы әрекет еткен. Үй иелерінің өзге бөлмеге кеткен сәтін пайдаланып ол бөлемеден сөмке, сыртқы киім немесе басқа да құнды нәрселерді қымқырып отырған.

Қарақшылық шабуыл ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

24/02/2016

Қостанай облыстық соты сотталғандар Самат Есімбетов, Нұрбек Бекмырза және Виталий Машковтың апелляциялық шағымдары бойынша қылмыстық істі қарады. Олар шағымдарында бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.

Рудный қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы қызметін атқарған С.Есімбетов 1924 жылы туған кейуананы тонауды және ерлі-зайыптыларға қарақшылық шабыл жасауды ұйымдастырған.

Беттер