Қостанай қаласының тұрғыны өтіп бара жатқан қыздың сөмкесін ұрлағандықта айыпталуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК 191 бабының 2 бөлігі 1 тармағы бойынша ұрлық жасаған 1985 жылы туған азамат Я. қатысты қылмыстық іс түсті.

Іс материлдары бойынша, ағымдағы жылдың 1 ақпанында, сағат 21.30 шамасында, азамат Я., Қостанай – 2 ауданында қолына сумкасын ұстап жаяу кетіп бара жатқан жәбірленуші Ж. көреді. Сол уақытта өзгенің мүлкін ашық түрде ұрлау туралы пиғыл пайда болады, содан кейін ол Самал көшесінің бойында жәбірленушіге еріп, артқы жағынан жүгіріп келіп, оны ұстап алған бойда ұялы телефонын беруді талап етеді.

Жәбірленушінің қолындағы сумканы жұлып алып, айыпталушы оқиға орын алған жерден ізін суытады. Нәтижесінде жәбірленушіге 30 900 теңге сомасында материалдық шығын келтірілді.

Басты сот отырысы ағымдағы жылдың 12 шілдесі сағат 11.00-ге тағайындалды.

 

Источник: 
Пресс-служба Костанайского областного суда