Қостанай облысында ауылшаруашылық кәсіпорын директоры екі тәулікке қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық соты «Сана Агро» ЖШС директорв болып табылатын азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс материалдарын қарады.

ЖШС директоры еңбек туралы заңнаманың бұзылу фактісін жою туралы Қарабалық аудандық прокуратурасының нұсқамасыжолданған. Нақтырақ – «Сана Агро» ЖШС жұмыскерлеріне 2015 жылдың желтоқсан айындағы еңбекақы бойынша  – 6,771 млн. теңге қарызды ағымдағы жылдың 28 қаңтарына дейін төлеуге шара қолдану туралы нұсқаулықты орындамаған.

Алайда ЖШС директоры прокуратураға нұсқаулық бойынша ескертілген мәселені толығымен орындағаны туралы жауап жолдаған.

Қарабалық аудандық сотының қаулысымен серіктестік басшысы ҚР ӘҚБтК 665 бабы 2 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екі тәулік қамаққа алыну түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы бірінші инстанциялы сот  қаулысын өгеріссіз қалдырды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі