Қостанай облысының соттары ашық есік күнін өткізуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотынан кейін облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарында да ашық есік күні шарасы өткізілуде.

Мәселен, жуырда аталған шара Наурызым аудандық сотында өтті. Айсайынғы қалыптасқан үрдіске сай сот төрағасы Асанәлі Смайлов аудан тұрғындарын қабылдады.

Төрағадан азаматша Т.Софьянникова баласының әкесінен алимент өндіру мәселесінің шешу жолын түсіндіруді өтінді.

Қарасу ауданының №2 сотында өткен ашық есік күнінде төрағаның міндетін атқарушы  судья Майра Ділтаева кеушілер сұрақтарына жауап беріп, оларға медиация, гендірлік саясат туралы заңнама нормаларын түсіндірді.

Бүгінгі күнге дейін Қостанай облысы соттарымен 158 «Ашық есік күні» шарасы өткізілді, онда азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарында толыққанды жауап ала алды.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі