Қостанай пединститутының жұмыскері сотта оқу орнымен бітімгершілікке келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай педагогикалық институты оқу корпусының коменданты мен оқу орны арасындағы жұмыс берушінің актін заңсыз деп танып, жұмысқа қайта орналасу туралы азаматтық дауы тараптардың бітімгершілікке келуімен аяқталды.

Азамат Ж. Қостанай педагогикалық институтының оны жұмыстан шығару туралы актін заңсыз деп танып, жұмысқа қайта орналасу туралы шағыммен сотқа жүгінген. Шағым иесінің мәлімдеуінше, жұмыс беруші 2015 жылдың 31 жылтоқсанынан бастап жұмыстан өз еркімен шығу туралы арыз жазуға оны мәжбүрлеген.  

Екі күннен кейін ол жұмыстан шығу туралы ойынан қайтып, қайта арыз жазады. Алайда оқу орнының ректоры азаматтың конститутциялық құқығын бұзып, комендантты 31 желтоқсанан бастап жұмыстан шығару туралы 28  желоқсанда бұйрық шығарған.

Сот отырысы барысында тараптар істі медиация тәртібімен шешу туралы келісімдерін ұсынған. Талапкер Ж. және жауапкер педагогикалық институт арасындағы дауды медиация тәртібімен шешу туралы арызы қанағаттандырылды. Келісімнің шарттары бойынша жауапкер азамат Ж-ны комендант ретінде қайта жұмысқа алып, жұмыссыз жүрген кезеңге 223 000 теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі