Қостанай сотында бала асырап алу туралы азаматтық істерді қарау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында «Бала асырап алуы туралы азаматтық істерді қарауда туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Қостанай  облыстық сотының судьясы Г.Зинина, облыстық прокуратура, білім беру басқармасы, сонымен қатар  денсаулық басқармасы өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сот төрайымы А.М.Жәнібекова  ювеналды соттың жұмыс атқарған үш жылында бала асырап алу туралы 242 азаматтық істер қаралғанын айтты. Қаралған істердің 224-і бойынша шешім шығарылып, оның ішінде үш іс бойынша бала асырап алу туралы өтініш қанағаттандырмау туралы шешім шығарылды. Сотқа жүгінушілердің  өтінішімен  18 арыз қараусыз қалдырылды.

Қаралған 244 істің 139-ында балаларды асырап алушылар туыстары болып келеді: өгей әке-шешесі, атасы-әжесі, әпкесі-ағасы; 103 іс бойынша асырап алынған балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалып мемлекеттік органдарға орналастырылған балалар асыранып алынған. Осы негізде үстелге қатысушыларымен бала асырап алу туралы азаматтық істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Құқықтық аспектілер бойынша өзара іс-қимыл ұсыныстары дайындалды.

Источник: 
Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі сот