Қостанай тұрғыны жалған шот-фактуралар жазғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

№3911-24-00-1/1 іс

Қостанай қаласының №2 сотында жеке кәсіпкерлік субъектісінің мүліктік пайда алу мақсатында жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураны жазып беру бойынша іс-әрекеттер жасауын ұйымдастыру арқылы мемлекетке аса ірі залал келтіру бойынша К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды(ҚК 28-бап 3-бөлік, 216-бап 3-бөлік).

Сотта анықталды:

2021 жылы Қостанай қ. аумағында К. заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысу ниетінсіз А. атына Қостанай қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Майлы дақылдарының көтерме саудасы» қызмет түрімен коммерциялық ұйым «Жасмин 2021» ЖШС тіркеген.

Бұдан әрі К. жалдамалы бухгалтер Т.-ны ескертпей серіктестік атынан интернет арқылы «салық төлеушінің кабинетіне» кіріп, жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды жөнелтпей, шот-фактураларды жазып беру бойынша іс-әрекеттер жасап, сатып алушылардың контрагенттерімен өзара есеп айырысу бойынша шарттар дайындайды, сондай-ақ сатып алушылардың атына 1 670 000 000 теңгеден астам сомаға әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу туралы фискалдық чектерді түсіреді, осылайша корпоративтік табыс салығы 334 000 000 теңгеден астам соманы құрады, бұл мемлекетке келтірілген аса ірі залал болып табылады.

Тараптардың ұстанымы:

Сот жарыссөздерінде прокурор К-ға коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.

Іс бойынша азаматтық іс қозғалған жоқ.

Сотталушы К. кінәні мойындамады.

Жаза бойынша:

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жаза тағайындау кезінде сот белгілемеген.

ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлігінің санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазаны көздейді.

Жасалған іс-әрекеттің жеке басын, сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот К.-ға коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

Источник: 
Қостанай қаласының №2 соты