Қостанайда сот азамат пайдасына 654 000 теңге мөлшерінде сақтандыру төлемін өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай тұрғыны «Нефтяная страховая компания» АҚ-нан сақтандыру төлемін өндіру туралы шағымымен қалалық сотқа жүгінген.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 25 маусымында сағат 13.00 шамасында көлік басқары келе жатқан азамат Б. Карбышев-Гвардейская көшелерінің қиылысында көлік рөліне ие бола алмай бағдаршамға соғылған. Бағдаршам бағанасын зақымдаған азамат «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не материалдық залал келтірген.

Қалпына келтіру және бағдаршамды ауыстыру жұмысының құны 654 000 теңгені құраған.

Азамат аталған шағыммен сотқа жүгінуге мәжбүр болған. Ал сақтандыру компаниясының өкілдері талап арызды мойындамады.

Алайда, тараптарды тыңдап, іс материалдарын зерделеген сот талап шағымға негіз таба білді. Сот шешімімен «Нефтяная страховая компания» АҚ-нан «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің пайдасына 654 000 теңге сақтандыру төлемін өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі