Қостанайда зейнеткерлерге зиянын келтірген «қара риэлтор» ісі бойынша сот үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында пәтер алаяқтығымен айналысып, денсаулыққа ауыр зиян келтіріп адам тонауда және ұрлық жасауда айыпталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды. Олар бұған дейін бірнеше рет сотталған үш жігіт – Рахат Күлтлымұратов, Денис Черанев және Ғабит Бейлов.

Қылмыстық әрекеттерді ұйымдастырушы кінәгі қылмыскер 30 жастағы Күлтлымұратов алдау жолымен зейнеткерлердің пәтерін үшінші тұлғаларға сатып отырған. Кейін қартаң тартқан кейуаналарды қорқыту үшін  қоқаң-лоқы жасап, ұрып-соғу тәсілдерін де қолданған.   

2013 жылдың қыркүйек айында азаматша Т.Деревянко Қостанай қаласындағы Рабочая көшесінің 152 үйіндегі 3 бөлмелі пәтерін аумағы кіші пәтерге айырбастайтындығы туралы хабарландыру береді. Хабарландыру бойынша зейнеткерге келген Күлтлымұратов ыңғайлы пәтердің бар екендігін айтады. Айырбас шарттарын талқылаған Күлтлымұратов тиісті құжаттар рәсімделгенше өз үйінде тұра тұруды ұсынады. Оңтайлы сәтті пайдаланып, жалған сенім хат арқылы құны 7604000 теңге  болатын пәтерді сатып жіберіп, жағыз басты зейнеткерге айтарлықтай материалдық шығын келтірген.

Арада біраз уақыт өткен соң 20 қарашада жәбірленуші алаяқтық жасап пәтерін сатып жіберіп, өзін далада қалдырған Күлтлымұратов сөйлесу үшін оның үйіне келеді. Көп сөзге келмеген сотталушы зейнеткерді соққыға жыққан.

Алаяқтың келесі  құрбаны жасы ұлғайған жалғыз басты Т.Семенова болған. 2015 жылдың 10 желтоқсанында сотталушы жәбірленушінің Қостанай қаласының Қайырбеков көшесіндегі пәтеріне келеді. Бірге ішімдік ішкен соң Күлтлымұратов зорлық-зомбылық көрсетумен қорқытып зейнеткерден үйдің құжаттарын талап етіп, киініп өзімен бірге нотариусқа баруға мәжбүрлейді. Сол жерде Т.Семенова пәтердің өзіне тиесілі үлесін Күлтлымұратов сеніп тапсыратындығы туралы құжатқа қол қояды.

2015 жылдың 17 желтоқсанында сағат 22.00 шамасында Күлтлымұратов өзінің танысы Д.Чераневпен бірге ішіп отырған ішімдіктері таусылған соң дүкенге барады. Жолда бейтаныс жігітке килігіп, бірнеше рет соққы жасап, жәбірленушінің үстіндегі сырт киімін шешіп алып, сөмкеге салып алған әйел адам етігін иемденген. Нәтижесінде оған 24000 теңгенің материалдық шығын келтірілген.

Қылмыстық әрекетін жалғастырған қылмыскер келесі күні танысы Г.Беиловпен бірге көшеде кетіп бара жатқан ер адамды тонап, оған 30500 теңгенің  материалдық шығыны келтірілген.

19 желтоқсанда сағат 05.40 шамасында Күлтлымұратов өзінің серіктестерімен  бірге Кайырбеков көшесінің бойындағы тұрғын үйден құны 50 000 теңге болатын теледидарды ұрлап кеткен.

      Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 177 бабы 4 бөл. «б» тар., (1997 жылғы редакцияда) 106 бабы 1 бөл., 191 бабы 2 бөл. 1,2,3 тар., 194 бабы 2 бөл. 1 тар., 188 бабы 2 бөл, 1,3 тар. бойынша айыпты ден танылып, оған қатаң тәртіптегі колонияда 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.  

Д.Черанев ҚР ҚК-нің 191 бабы 2 бөлігі 1,3 тармағы бойынша айыпты деп танылып 4 жылға сотталды. Мүлкі тәркіленді.

Г.Беиловке  ҚР ҚК-нің 191 бабы 2 бөлігі 1,3 тармағы, 188 бабы 2 бөлігі 1,3 тармағы бойынша 4 жылға бас бостандығын шектеу және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Үш сотталушының да әрекеттерінен қылмыстың кінәгі қайталануы танылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: