Қостанайдың әкімшілік сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру сапасы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру сапасы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны әкімшілік сот төрағасы Игорь Дудин жүргізді. 

Аталған кездесуге судьялар, Қостанай қаласы прокурорының орынбасары Т.Жүсіпов, Қостанай станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары С.Әбдіқалықов қатысты.  

Дөңгелек үстел барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру сапасы, әкімшілік істі сотқа жіберу тәртібі, іс жатқа жеткенге дейін құқық бұзушылардан түскен өтініштерді орындау жайы талқыланды.

Талқылау барысында судьялар аталған мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар жасады.

 

Қайнар: 
Қостанай қалалық мамандандырылған әкімшілік соты