Қостанайдың түнгі клубында төбелескен бойжеткендер арасында сотта бітімгерлік орнады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қаланың түнгі клубтарының бірінде төбелескен үш қыздарға қатысты іс материалдарын қарады. Жәбірленушіні соққыға шығушылар арасында Қостанай қаласы әкімінің қызы болғандықтан бұл жайт қоғамда талқылау тудырған болатын.

   Іс материалдары бойынша, өткен жылдың 17 желтоқсанында түнгі сағат екіден кейін 1991 ж.т. И.Ахметжанова мен 1992 ж.т. Г.Бекмағамбетова «Ля-Мажор» музыкалық пабта өзара келіспеушілікке келу салдарынан  1994 ж.т. А.А.Шнайдерге дене жарақатын салды. Сот сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленуші денсаулығына 3 аптадан аспайтын мерзімге дейінгі жеңіл дене жарақаты келтірілген.

Солайша, Ахметжанова мен Бекмағамбетова ҚР ӘҚБтК 79-3 бабы 2 бөлімімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Соттық талқылау барысында жәбірленуші А.Шнайдерден бітімгершілікке келуіне орай құқық бұзушыларға қатысты істі өндірістен тоқтату туралы өтініш түскен.  

Сот Ахметжанова мен Бекмағамбетоваға қатысты әкімшілік өндірісті жәбірленушімен бітімгершілікке келулеріне орай тоқтатуға қаулы етті.

Сонымен қатар Ахметжанова мен Бекмағамбетованың өздеріне сол күні дене жарақатын салды деп айыптаған азаматша Шнайдерге қатысты шағымы бойынша іс сотта қаралды.

Іс бойынша өндіріс тараптардың бітімгершілікке келуімен тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай қаласының әкімшілік соты