Сот шешімімен жұмысқа қайта орналасты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Федоров аудандық сотында азаматша О.-ның МКК-на жұмысқа қайтадан алу жән амалсыздан жұмыссыз жүрген күндеріне орташа еңбек ақысын өндіру туралы азаматтық іс қарастырылды.

Сот отырысы барысында талапкер келесіні мәлімдеді, 2013 жылғы 1 тамызында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 57 бабы, 2 тармағына сәйкес бұйрықпен жұмыскердің өтінішімен жұмыстан босатылған. Алайда талапкер өзінің жұмыстан шығу туралы ешқандай арыз жазбағанын  айтады.

Ал жауапкердің өкілі талапты жартылай мойындайды және талапкердің  жұмысқа қайта орналасуымен келісетінін, бірақ 2013 жылдың  1 тамыздан  бастап  жұмысқа қайтадан алынған кезең аралығындағы еңбек ақысын төлеуді негізсіз деп  санайтынын мәлімдеген.  

 Сот шешімімен азаматша О. еден жуушы ретінде жұмысқа қайта тағайындалды. МКК-нан талапкердің пайдасына жұмыстан мәжбүрлі жағдайда қалу кезеңі үшін алты айлық орташа еңбекақысы 107 382 теңге   өндірілді.  Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Федоров аудандық соты