Сотта жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жітіқара аудандық соты ҚР ҚК-ның 420 бабы 1 бөл. бойынша айыпталған 1984 ж.т. азамат Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалдары бойынша, айыпталушы ҚР ӘҚБтК-ның 73 бабы 2 бөл. бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп айыпталған азамат К-ға қатысты әкімшілік істе куәгер бола тұра сотта жалған айғақ беріп сот төрелігіне қарсы қылмыстық әрекет жасаған.

Сотталушы Б. сот отырыс барысында өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, азамат К-ға қатысты әкімшілік істі қарау кезінде оны судья айғақ беруден бас тарту немесе жалған айғақ беру  жағдайында қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескерткенін мәлімдеді. Бұл туралы қолхатта алынған.

Алайда сот процесі кезінде жалған айғақ келтіріп, азамат К.-нің әрекетін жасырған.

Жітіқара аудандық сотының үкімімен азамат Б. ҚР ҚК  ның 420 бабы 1 бөлімімен қарастырылған қылмыстық әрекетті жасауда айыпты деп танылып бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Бұл мерзім аралығында оған пробационды бақылау бекітілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Жітіқара аудандық соты