Үкім өзгеріссіз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қостанай қаласы прокурорының апелляциялық шағымы және жәбірленуші Ж.-ның, оның өкілінің апелляциялық шағымы бойынша ҚК 104-бабы 1-бөлігі бойынша бар диджейі Ф-ға қатысты қылмыстық істі қарады (абайсызда адам өліміне әкелу).

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Ф. ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылды.

Сот актісінің сипаттама-уәждемелік бөлігінде белгіленген және көрсетілгендей, сотқа дейінгі тергеу органы Ф. 2023 жылғы 29 мамырда Қостанай қаласындағы "JB" караоке-барының жанында мас күйінде болған Ж.-мен туындаған жанжал барысында қоғамдық қауіпті салдардың туындау мүмкіндігін білмей, оң жұдырығымен жәбірленушінің бет аймағына соққы жасаған. Нәтижесінде Ж. жерге құлап, бастың сол жағымен соққы алып, есін жоғалтып қалалық ауруханада қайтыс болды.

Сот Ф.-ның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмағанын анықтады және ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп таныды.

Оның заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартқаны үшін         келтірілген зиянды өтеу құқығын мойындады.

Бірінші сатыдағы сот Ф-тің қажетті қорғаныс жағдайында болды деген қорытындыға келді, себебі ол Ж. мен оның достарының мекеме күзетшісіне және өзіне жасаған қоғамдық қауіпті шабуылын тоқтатты.

Жәбірленушінің заңсыз әрекеттері, оның алкогольді ішімдік ішуден туындаған агрессивті мінез-құлқы Ф.-ның шабуылдаушының өліміне әкеп соқтырған қорғаныс әрекеттерін жасауға негіз болды, ал олар қажетті қорғаныс шегінен аспады.

Жәбірленуші Ж.-ға зиян қорғаныс кезіндегі абайсыздықтың салдарынан келтірілгендіктен, оның шегінен асып кетпегендіктен, Ф.-ның қылмысы мен жазалануы алынып тасталады.

Сот алқасы шешімнің негізділігі мен заңдылығына байланысты бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келісті.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі