Жангелдин аудандық сотында сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекеттік тілдің қолданылуы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елімізде қыркүйек айының әр үшінші жексенбісінде аталып өтілетін Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесін атап өту аясында Жангелдин аудандық сотында «Сот төрелігі саласында мемлекеттік тілді қолдануы: проблемалық мәселелер мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара жұмысына соттың судьялары мен мамандары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, прокуратура мен ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.

Сот төрағасы Ж.Метаев дөңгелек үстел отырысын ашып, мемлекеттік тілдің кез келген мемлекеттің тиімді іс-қимыл жасауының маңызды шарты болатындығын атап өтті. Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының азаматтық борышы ғана емес, ол Қазақстан халықының бірігуінің маңызды факторларының бірі болып табылады. Сот төрелігін жүзеге асыру саласында мемлекеттік тілді қолданудың мағынасы өте үлкен, өйткені әрбір сот шешімі орындау үшін міндетті, ол жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін айқындайды. Заң терминологиясының ерекешелігіне қарамастан, сот шешімі азаматтарға қол жетімді және түсінікті тілде баяндалуы қажет. Сот шешімінің тілдік қасиеттері – судья кәсібилігінің маңызды көрсеткіші.

Әр қарай судья А.Қожақов баяндама жасады. Өз баяндамасында ол дөңгелек үстелге қатысушыларға Жангелдин аудандық сотымен жалпы қаралатын істер санының 96-98 % мемлекеттік тілде қаралғанын атап өтіп, сот төрелігі саласында мемлекеттік тілді қолдануға тоқталды. Сонымен қатар, өз сөзінде А.Қожақов мемлекеттік тілді қолдану барысында туындайтын мәселелерге көңіл бөліп, сот төрелігі саласында мемлекеттік тілді дамыту перспективаларын атап көрсетті.

Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Абжамалов Қазақстан Республикасында латын әліпбиін енгізу тұжырымдамасына тоқталып, бүгінгі күні осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Отырыс барасында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.

Отырыс қорытындысы бойынша туындаған бір қатар ұсыныстарды әрі қарай талқылау және қарау үшін Қостанай облыстық сотына жолдауға шешім қабылданды.

Источник: 
Жангелдин аудандық соты