Жарылғыш зат туралы жалған ақпар таратушы сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Таран аудандық сотының ағымдағы жылдың 16 қыркүйегіндегі үкімімен аудан тұрғыны ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша айыпты деп танылды.

Іс материалдары бойынша, 2 шілдеде Тобыл кентінде болған Марат Исанқұлов Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы темір жол вокзалының кезекші бөліміне телефон шалып, вокзал ғимаратында жарылғыш заттың барлығын хабарлаған.

Түскен суық хабарға жедел түрде құтқарушы органдар дабыл қағып, төтенше оқиғаның алдын алмақ болады. Вокзал мен оның маңайы тексеріліп, жарылғыш зат табылмаған.

Исанқұловтың әрекеті салдарынан жедел әрекет ету қызметіне кедергі келіп, айтарлықтай материалдық шығын келген.

Сот үкімімен кінәлі 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі