Жол көлік оқиғасына кінәлі деп айыпталушыны қамауда ұстауға сакция берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

      Қостанай қалалық №2 сотының тергеу судьясы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қаралған қылмыстық істе күдікті Қостанай қалалық ішкі істер басқармасының қызметкері 1995 жылы туған М-ны екі ай мерзімге күзетпен ұстау туралы өтінішті қанағаттандырды. 

Іс материалдары бойынша, 2017 жылғы 30 шілдеде  05сағат 45 минут шамасында «Ваз Приора» маркалы автокөлікті жүргізген М. рөлде ұйықтап кеткен. Нәтижесінде, бағжаршамның тиым салынған белгісіне өтіп,  «Лада Гранта» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан соңғы көліктегі жүргізуші  О.Янковский  алған жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тапқан.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі