Жұмыскер пайдасына еңбек ақы бойынша алашағы мен міндетті зейнетақы жарнасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысы Жітіқара ауданының тұрғыны жұмыс берушіден еңбек ақы бойынша алашағы мен міндетті зейнетақы жарнасын өндіріп алу шағымымен сотқа жүгінді. 

Талапкер 2011 жылдың мамыр айында ЖШС күзетші болып жұмысқа  орналасады. Бастапқыда еңбек ақысын тұрақты алып жүрген. Алайда  2014 жыл ішінде еңбек ақысын тек екі мәрте алған. Ал мендетті зейнетақы жарнасы 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың желтоқсаны аралығында аударылмаған.

Шағымданушы мен ЖШС арасында бекітілген еңбек келісімшартына сәйкес жұмыс беруші ай сайын 36 мың теңге көлемінде айлық және зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдерді төлеп тұруға міндеттелген.

Алайда Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 134 б. 1 б. бұзған жауапкер өз міндеттерін орындамай, осылайша борышкер атанған.  

Жітіқара аудандық сотының шешімімен азамаша К.-ның еңбек ақыны өндіріп алу туралы шағымы қанағаттандырылды. ЖШС-тен шағымданушы пайдасына 222 мың теңге мөлшерінде еңбек ақы бойынша қарыз өндірілді. Сонымен қатар, сот жауапкерді Мемлекеттік зейнетақы қорындағы талапкердің жеке шотына 82 800 теңге соммасында міндетті зейнетақы жарнасын аударуға міндеттеді.     

Көлемі 93471 теңге болатын үш айлық еңбек ақыны өндіру туралы шешім шұғыл орындаулға жатады.  

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Житикаринский районный суд
Теги: