Зираттан орын беру үшін директор қайтыс болған адамның ұлынан ақша талап еткен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Іс материалдары бойынша,   «Стикес 2012» ЖШС директоры қызметін  атқарған айыпталушы Құрамысов аталған ЖШС қызмет көрсететін Қостанай  қалалық зираттынан қайтыс болған азамат Чуесненконы жерлеуге  2013 жылы арнайы орын бөлген.

Жерлеуге бөлінген  орын аталған зираттың құрмет саяжайы маңында болып, оның көлемі 3х4, яғни ауданы 12 шаршы метрді құраған. Ал белгіленген талап бойынша адам жерлеуге бөлінетін орынның көлемі 7 шаршы метрден аспауы керек.

Осыған орай, қайтыс болған азамат туыстарына зират жұмыскерлері хабарласып, қоршау көлемін азайту керектігін айтқан. Мәселенің шешімін табу үшін қайтыс болған кісінің ұлы мен зират директоры кездескен. Кездесу барысында Құрамысов бұдан былай адам жерленген орынды бөлу туралы мәселе туындамауы үшін 200 мың теңге талап етеді.  

  Сот үкімімен Б.Құрамысов пара алуда айыпты деп танылып, оған алпыс есе артық көлемде – 12 млн. теңге айыппұл салу, оған тиесілі 15200 АҚШ доллары көлеміндегі  мүлікті тәркілеу, мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет иелену құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза тағайындалды.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Пресс-служба Костанайского областного суда