материалдық шығын

Сот орындаушыларының айыбынан шетелге кете алмаған азаматтар пайдасына сот материалдық шығынды өндірді

29/06/2016

Сот орындаушыларының айыбынан белгіленген уақытта АҚШ-қа тікұшақпен ұша алмаған 67 жастағы қостанайлық Қостанай облысы бойынша Әділет департаментінен келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы шағымымен сотқа жүгінген.

Ағымдағы жылдың мамыр айында азамат АҚШ-қа бармақ болып Астана-Вена, Вена-Нью-Йорк бағыты бойынша және қайтар жолға Майами-Франкфурт, Франкфурт-Вена, Вена-Астана авиарейстеріне авиабилеттер, ал Астанадан Қостанайға дейін темір жол билетін сатып алған. Жалпы жол шығыны 278 000 теңге.

Жол бойында көлікке зақым келгені үшін талапкер пайдасына материалдық шығын өндірілді

30/07/2015

Қостанай қалалық сотында қала тұрғынының «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нен жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығынды өндіру туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Шағымданушы Н. өз шағымында Қостанай қаласының Базовая көшесі бойында люктің темір қақпағы «Ивеко» автокөлігін зақымдағанын, осы себепті келтірілген материалдық шығынды өніруді сұраған.