Талап қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Наурызым аудандық сотында 2014 жылғы 7 сәуірде жол көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Азамат П. талапкердің үй ауласынан көлікті айдап әкетіп, жол көлік оқиғасын жасаған. Жауапкерге қатысты бұл әрекеттердің барлығы сот үкімімен дәлелденген. Талапкер жауапкерден «Chevrolet Cruz» маркалы автокөлікке зақым келтіру нәтижесінде оны қалпына келтіру жөндеу құны есебінде өз пайдасына 1 389 490 теңге көлемінде, тауарлық түрін жоғалту құны ретінде 219024 теңге, моральдық зиянды өтеу есебіне 300000 теңге, мемлекеттік баж салығы бойынша шығын 17012 теңге, барлығы 1 925 526 теңге өтеуді сұраған.

Жауапкер П. талапты толық мойындап, дәл қазір ондай сомадағы ақшасы жоғын, бірінші мүмкіндігі болғанда келтірген зиянды өтеймін деген міндеттемесін берді.  

Сот талапты толық көлемде қанағаттандырды.  

Шешім заңды күшіне енген жоқ.