Жол бойында көлікке зақым келгені үшін талапкер пайдасына материалдық шығын өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық сотында қала тұрғынының «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нен жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығынды өндіру туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Шағымданушы Н. өз шағымында Қостанай қаласының Базовая көшесі бойында люктің темір қақпағы «Ивеко» автокөлігін зақымдағанын, осы себепті келтірілген материалдық шығынды өніруді сұраған.

Сот отырысы барсында талапкердің өкілі жөл-көлік оқиғасы люк қоршауының бүлінгендігінен және ойылған жол бөліктері шиыршық таспен  жабылуы салдарынан болғанын, яғни, мемлекеттік мекеме жергілікті жердегі көлік жолдарының қауіпсіздігін қатматасыз ету түріндегі өзіне қойылған міндеттерді дұрыс жүзеге асырмағанын мәлімдеген.

Тараптарды тыңдаған сот «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нен талапкер пайдасына 159 473 теңге  материалдық шығынды, 1 595 теңге баж салығын, соттағы өкіл қызметі үшін 15 000 теңге, бағалау шығыны 14 791 теңге, барлығы 190 859 теңге өндіруге шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі