Қостанай облысының тұрғыны қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен қаржылық (инвестициялық) пирамиданы ұйымдастырғаны және өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін (ҚР ҚК 217-б. 3-б. 2-т.;  250-б. 1-т.)  Қостанай облысының тұрғыны К. сотталды.

Сотта анықталды:

2017 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта К. «Жаңа үй 2017" ТК басшысы бола отырып, өзін дербес басқарушы және кооперативтің ақшалай қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау бойынша барлық өкілеттіктермен қамтамасыз етеді.

Осыдан кейін К. "арзан тұрғын үй" сатып алу үшін қолайлы шарттар мен бағдарламалар туралы жарқын жарнаманы қолдана отырып, ол ұсынған шарттардың қаржылық тұрғыдан тиімді еместігін біле отырып, қаржы пирамидасын құрды.

К. Өзі үшін  мүліктік пайда  алу мақсатында "Тұтыну кооперативі туралы" ҚР Заңының талаптарын сақтамай, ТК пайшылардын дербес қабылдайды, алайда шарттар бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындауға ниеттенбеді. ТК жарғылық капиталы ашылған кезде 0 теңгені құраған, ал ТК-нің қаржылық құрамы тек жәбірленушілердің ақшасынан тұрды.

Нәтижесінде К. .296 пайшымен пайларды жинақтау туралы жазбаша келісім жасап, олардан 264 102 961, 50 теңге алды.

К.өзінің қылмыстық әрекеттерімен Қазақстанның түрлі аймақтарында тұратын жәбірленушілерден аса ірі мөлшерде ақша тарту арқылы оларға залал келтірді. К. - ның кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен және қылмыстық істің зерттелген материалдарымен дәлелденді.

Жаза бойынша

Сот жарыссөздері барысында прокурор сотталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жаза тағайындау кезінде сот жауаптылықты жеңілдететін мән - жай ретінде сотталушының "Д" есебінде тұрған ауруының болуын ескерді. Іс бойынша сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот үкімімен Қ. қаржылық (инвестициялық) пирамиданы ұйымдастыруда, өкілеттікті асыра пайдалануда кінәлі деп танылып, ол ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің талаптарын ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша (ҚК-нің 58-бабының 3-б., 61-бабы) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда 7 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза түпкілікті тағайындалды. Сотталған К. сот залында қамауға алынды.

Сондай-ақ, үкіммен жәбірленушілер мәлімдеген 120 азаматтық талап арызға рұқсат етілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай қаласының №2 соты