Архив событий

12/03/2014

Көлікті айдап әкету

12/03/2014

Наурызым аудандық сотында сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібінде көлікті айдап әкету бабы бойынша қылмыстық іс қаралды.

2014 жылғы 10 ақпанда сағат 23.00 Наурызым ауданы Қараменді ауылында азамат П. мас күйінде бөтен адамның көлігін жүргізбекші болып,    қасақана Б. ауласында тұрған құны 2995000 теңге тұратын  «Chevrolet Cruze»  маркалы көлікті айдап кеткен. Кейін «Қараменді-Әулиекөл» тас жолының 17 шақырымында рөлді басқара алмай, автокөлік кюветке құлайды. Соның салдарынан көлік иесіне ірі шығын келтірген.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға жәрдемдесу

12/03/2014

Қарасу аудандық сотының іс жүргізуіне жеке кәсіпкер болып қызметтік адамдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу яғни ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 307-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс жасаған азаматқа қатысты  қылмыстық іс түсті.

Аталған іс бойынша алдын ала тыңдалу 2014 жылғы 14 наурызға тағайындалған.

Материалдық зиянды өтеу

12/03/2014

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Арқалық қаласы Ақбидай ауылының тұрғыны тоқ беру желісі электр сымының үзілуі салдарынан 2011 жылғы 15 сәуірде ток соғып өлген үш бас ірі қара малдың құны 528 000 теңге материалдық зиянды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот, тиісті емес жауапкерге берілгендіктен талап арызды қанағаттандырудан бас тартуды, нақты сол желінің үзілуі болған жер учаскесі баланстық тиістілікте болмауы материалдық жауапкершіліктен босатуға әкеп соғады деген «Костанайюжэлектросервис» МКК өкілінің айтқан уәждерін дәлелсіз деп есептеді.