Архив событий

19/03/2014

"Қазпошта" АҚ-ға берілген талап

19/03/2014

Жітіқара аудандық сотына азамат Н. «Қазпошта» АҚ-ға зейнетақы алатын  банк шотына тыйым салуды алу және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызымен жүгінген. Талабында 2006 жылы «Қазпошта» АҚ-мен шарт негізінде шот ашқанын, оған ай сайын зейнетақы аударылғанын, алайда 2013 жылғы желтоқсаннан «Қазпошта» АҚ бас тарту себебін түсіндірмей, төлеуді тоқтатқанын айтқан.

Соның нәтижесінде үш айы бойы мемлекет тағайындаған зейнетақысын ала алмауда. Қандай құжаттар негізінде шотына тосқауыл қойылған туралы жүгінуіне жауап берілмеген.

Тонау үшін бас бостандығынан шектеу

19/03/2014

 

Әулиекөл аудандық соты 2014 жылғы 14 қаңтарда сотталушы А. мен Н.-ны ҚР ҚК-нің 178-бабы 2-бөлігі «а,б,в»-тармағында көзделген қылмысты жасауда (тонау) кінәлі деп танып, оларға  3 (үш) жыл  бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.