Архив событий

18/03/2014

Иелену мерзімі нәтижесінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану

18/03/2014

Қамысты аудандық сотына талапкер К. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» ММ-ға иелену мерзімі нәтижесінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы талап арызбен жүгінген.

Сот отырысында талабын толық қолдап, 1998 жылғы 8 қарашада Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылында азаматша А.-дан үй сатып алғанын айтты.

Өзара келісім бойынша сатып алу сатудағы объект құнын сол кезде орын алған нарық бағасы бойынша 20 000 теңгеге бағалап, азаматша А.-ға сол соманы берген, өз кезегінде ол оның атына 08.11.1998 жылы 20 000 теңге алғаны туралы қолхат жазған.

Полиция қызметкерлеріне қатысты үкім

18/03/2014

Ұзынкөл аудандық сотында 2014 жылғы 17 наурызда ҚР ҚК-нің 141-1 бабы 2-бөлігі «а»-тармағы бойынша айыпталған Д.Г.Галин, В.А.Савенко, А.А.Сахинге қатысты  қылмыстық іс қаралды.

2013 жылғы 8 қазанда сағат 10.19 АІІБ кезекші бөліміне Ұзынкөл ауданы Миролюбовка ауылында тұратын  Е.Е.Сыздыков ақша қаражаттары мен тауар-материалдық құндылықтардың ұрлау фактісі бойынша жүгінген. Аталған факті бойынша АІІБ жедел-тергеу тобы қызметтік автокөлікте Миролюбовка ауылына бет алған.