Архив событий

14/03/2014

Жұмысқа қайта алу

14/03/2014

Рудный қалалық сотына азаматша Л. «T» ЖШС-ға жұмысқа қайта алу, жұмыста мәжбүрлі болмаған кезде өтемақы өндіру, моральдық зиян өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Өзінің талап арызында еңбек шарты негізінде жауапкерде күзетші болып жұмыс істегенін, 2013 жылғы 3 мен 4 қарашада түнгі ауысымда жұмысқа шыққанын, алайда аталған ауысым оған есептелмегенін, жұмысқа келмеді деп санап және сол негізде еңбек шартын бұзғанын айтты. Осы факт бойынша жұмыс берушінің бұйрықтары мен шартын бұзуы заңсыз деп санайды.