Иелену мерзімі нәтижесінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қамысты аудандық сотына талапкер К. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» ММ-ға иелену мерзімі нәтижесінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы талап арызбен жүгінген.

Сот отырысында талабын толық қолдап, 1998 жылғы 8 қарашада Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылында азаматша А.-дан үй сатып алғанын айтты.

Өзара келісім бойынша сатып алу сатудағы объект құнын сол кезде орын алған нарық бағасы бойынша 20 000 теңгеге бағалап, азаматша А.-ға сол соманы берген, өз кезегінде ол оның атына 08.11.1998 жылы 20 000 теңге алғаны туралы қолхат жазған.

Олардың арасында заңда орнатылған тәртіпте бір бөлмелі пәтердің сатып алу-сату шарты ресімделмеген, өйткені сатушыда пәтердің техникалық паспорты болмаған, кейін заң бойынша сатып алу-сату бойынша мәмілені ресімдейміз деп уәде берген.

Алайда, сатушы 73 жасында 1999 жылы ауырып қайтыс болғанғандықтан өз міндеттемесін орындай алмаған.

Әрі қарай не істерін білмей, сатып алған пәтерде тұруын жалғастырған.

Көрсетілген жылжымайтын мүліктің меншік иесі азаматша А., ал ол болса әлі күнге дейін жер учаскесімен сатып алған пәтердің меншік иесі бола алмауда.

Шын мәнінде жер учаскесімен үй оның иелігіне 1998 жылы мамырда өткен, өйткені сатушыға барлық жылжымайтын мүлік құнын төлеген,  жөндеу жұмыстарын жасап, заң бойынша қажетті салықтар төлемін жасап, пәтерді жақсы ұстаған.

1998 жылғы 8 қарашадан осы уақытқа дейін 15 жылдан аса өзінің жеке меншік жылжымайтын мүлкі ретінде адал, ашық және ұдайы иеленген жер учаскесін күтіп ұстап, үйге ие болып келеді.

Оның дәлелінің бірі - жыл сайынғы заңда орнатылған салықтардың төлеуі,  2014 жылғы 14 қаңтарға дейін берешегі жоқтығы Қамысты ауданы бойынша салық органының 14.01.2014 жылғы анықтамасымен  расталуда.

Қамысты аудандық соты азаматша К.-ның талап арызын толық көлемде қанағаттандырды.