Архив событий

08/01/2015

Жалған қылмыс, жасанды қылмыскер

08/01/2015

 Қостанай қаласы № 2 сотына ҚР ҚК 348 б. 2 б. және 308 б. 4 б. «в» тармағымен қарастырылған қылмысты (айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау,  билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану)  жасады деп айыпталған  С. қатысты қылмыстық іс  түсті.

«Святой Михаил» шіркеуіне қарақшылық жасағандар ісі сот қарауына түсті

08/01/2015

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2014 жылдың  26 тамызында түнгі сағат 3 шамасында азамат С. алдын ала сөзбайласу арқылы азамат Ш-мен бірігіп «Святой Михаил» шірекуі аумағына кіріп, күзет бөлмесіне өтеді. Күзетшіні бірнеше рет соққыға шығып құлатқан қарақшылар, әйелдің қорғансыздығын пайдаланып шіркеу ішінен 60 мың теңгенің мүлкін ұрлайды. Осылайша шіркеуге айтарлықтай материалдық залал келтірген қарақшыларға қатысты ҚР ҚК 178 бабы бойыншы қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық іс Қостанай қаласы №2 сотының қарауына түсіп, басты сот отырысы 19 қаңтарға сағат 15.00-ге тағайындалды.