Архив событий

19/01/2015

Қарақшылық жасап, тонағандары үшін сотталды

19/01/2015

Қарасу ауданының №2 соты ҚР ҚК 178 б. 2 б. «а» т. (тонау) бойынша айыпталған  1981 жылы туылған Хамад Бунхоевке және ҚР ҚК 179 б. 2 б. «г» т. (қарақшылық) қарасытырылған қылмысты жасағаны үшін істі болған 1982 жылы туған Абакар Зулкарнаевқа қатысты үкім шығарды. 

Қылмыстық іс материалдары бойынша, Зулкарнаев пен Бунхоев өткен жылдың 13 желтоқсанында сағат 15.00 шамасында    Қарасу ауданынындағы "Талдык-К" ЖШС-тің екі қызметкеріне күш қолданып қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушілер Б. және Ч.-ге тиесілі  8 DVD дискілерімен портативтік DVD плеерді  және 8000 теңге ақша ұрлаған.

Қылмыстық әрекет кезінде Зулкарнаев аспаздық пышақпен  қаруланып, жәбірленушілерге соққылар жасаған. Бунхоев өзгенің затын ұрлау мақсатында жәбірленушілерді соққыға жығып, қорқытқан.

Сот отырысы барысында сотталушылар айыптарын жартылай мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұраған.

Сот Зулкарнаевты ҚК 179 б. 2 б. «г» т. (қарақшылық) бойынша кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілеп 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті, Бунхоевты  ҚР ҚК 178 б. 2 б. «а» т. (тонау) негізінде 3жылға бас бостандығынан айыру, ҚК 63 бабын қолдану арқылы жазаны шартты, 2 жыл сынақ мерзімімен  жазасын өтеуге үкім етті.  

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.