Архив событий

16/01/2015

Қостанайда судьялыққа кандидаттарды іріктеу бойынша Қоғамдық Кеңестің жаңа мүшелері сайланды.

16/01/2015

Бүгін Қостанай облыстық сотында Қостанай облыстық соты судьяларының пленарлық  мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі мәселе, судьялыққа кандидаттарды іріктеу бойынша Қоғамдық Кеңестің жаңа мүшелерін сайлау. Қоғамдық Кеңес құрамына отставқадағы судьялар Т.С.Жармұхамедов, А.Г.Кобцев,В.Н. Даньшина кірді. Бұл кісілер облыстың сот жүйесінде ондаған жылдар қызмет істеген судьялар.

Сонымен қатар, Кеңес құрамына қоғам өкілдері де қосылды. Олар Қазақстан Республикасы Мәжілісінің экс-депутаты  С.Ж.Бисетаев, Қостанай облысы кәсіпкерлер Ұлттық Палатасының құқық мәселесі бойынша директорының орынбасары С.С.Садуақасов, «Халықтық Демократиялық «Нұр Отан партиясы» ҚБ ҚОФ өкілі Н.Р.Жаменков, облыстық «Костанайские новости» газетінің тілшісі Т.А.Башкатова.

 

Талқыда - жаңа Қылмыстық Кодекс

16/01/2015

Бүгін Науырзым аудандық сотында «Жаңа заң жаңаша жұмыс істеуді талап етеді»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Науырзым ауданының прокуроры, Науырзым ауданы ІІБ бастығының орынбасары, ІІБ қызметкерлері және аудандық сот қызметкерлері қатысты.

«Сот кабинеті» халық игілігі үшін

16/01/2015

Кеше Қостанай облыстық соты кеңсе басшысы Нұрлан Қатарбековтың, кеңсе басшысының орынбасары Жаннар Тлеубаеваның және жергілікті сот кеңселері меңгерушілерінің, халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдерінің қатысуымен жұмыс семинары өтті. Семинар мақсаты «Сот кабинеті» жүйесін халқықа кеңінен таныстыру.