Архив событий

26/01/2015

Қостанай облысы тұрғындарының назарына

26/01/2015

 Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2015 жылдың 29 қаңтарында сағат 11.00 Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымының және судьясының қатысуымен Ашық есік күні өткізіледі.

Тегін білім алу аздық етті

26/01/2015

Қостанай облысының Арқалық қалалық сотына түскен шағым қанағаттандырылып, оқуды жиі қалдырып, үлгірімі нашар болған бұрынғы студент С.-дан мемлекет қазынасына 500 мың теңгеден астам қаражат өндірілді. 

Іс материалдары бойынша, «Арқалық қ. әкімдігінің жұмыспен қамту Орталығы» МКК  азамат С.-дан жұмыспен қамту шеңберінде мемлекеттік қолдау  көрсетуге кеткен  534 688 теңгені өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.