Архив событий

14/01/2015

Бостандығын бағалай білмеген

14/01/2015

Арқалық қалалық соты 2014 жылдың 30 маусымында жазаны өтеу мерзiмiнен бұрын-шартты түрде 1 жыл 4 ай бұрын бостандыққа шыққан азамат Ш.-ға қатысты шартты жазаны жою туралы Арқалық қ. ІІБ өтінішін қарады.  

Қостанай облысы тұрғындары назарына!

14/01/2015

Белгілі болғандай, 2015 жылдың 1қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі қолданысқа енді.

Қазақстан Республикасының КІЖК  32 бабы 3-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының КҚ 139 бабымен көзделген қылмыстық құқықбұзушылық туралы істер (Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) жеке-жариялы айыптау iстер болып саналады.

 Сонымен қатар Қазақстан  Республикасының КІЖК  191 бабы 2-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының КҚ 139 бабымен көзделген қылмыстық құқықбұзушылық туралы істер бойынша Ішкі істер органдарымен аңықтауы жүргізіледі.

 Соған байланысты Қазақстан Республикасының КҚ 139 бабымен тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін  жеке-жариялы айыптау шағымымен жеке айыптаушы өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша Ішкі істер органдарына жүгінуі тиіс.