Архив событий

04/10/2016

Қостанайда соттың 9 айлық жұмысының нәтижесі бойынша брифинг өтті

04/10/2016

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында биылғы жылдың өткен 9 айындағы сот төрелегін жүзеге асыру қорытындысы бойынша брифинг өтті. Шараға сот төрағасы Ерлік Сералин мен судьялар қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. 

Брифинг барысында Е.Сералин статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті. 2016 жылдың тоғыз айында қылмыстық сотқа 66 қылмыстық іс түскен, 2015 жылы бұл көрсеткіш 64 іс болған. 

70 000 теңгеге адам өлтіруге тапсырыс берген азаматшаға қатысты қылмыстық іс сотта қаралады

04/10/2016

Қасақана адам өлтіруге дайындалды деп ҚР ҚК-нің 24 бабы 3бөлігі, 28 бабы 3 бөлігі және 99 бабы 2 бөлігі 8 тармағы бойынша айыпталған 54 жастағы Арқалық қаласының тұрғыны Қ-ға қатысты қылмыстық іс сотта қаралады.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, сотталушы Қ. азамат Ч-мен 2002 жылдан бері бір отбасы ретінде тұрып жатқан. Ал 2013 жылы сотталушы азамат Ж-мен танысып, көңіл жарастырған.

Жұбайын қызғаныштан мерт қылған қостанайлық 9 жылға сотталды

04/10/2016

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 32 жастағы Руслан Мұхамеджановқа қатысты сот үкімін шығарды.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 6 маусымында Қарасу ауданында ішімдік ішкен сотталушы өзінің жұбайы З.Мұхамеджановаға телефон шалып, өзара қарым-қатынастары туралы сөйлеу үшін оны кездесуге шақырады.