Архив событий

20/10/2016

Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлаушыға сот үкімі шықты

20/10/2016

Рудный қалалық соты ҚР ҚК-нің 243-бабы бойынша (терроризм актісі бойынша көрнеу жалған хабарлау) айыпталған 23 жастағы Ерлан Ақмырзаевқа қатысты сот үкімін шығарды.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде сағат 22.00 -ден 22.30 аралығында Ақмырзаев террористік акт туралы жалған хабар беру ниетімен Рудный қаласындағы Ленин көшесі №70 тоғыз қабатты үйдің лифтіне кіреді. 

Лифт ішінде сотталушы өзімен бірге ала шыққан маркермен "Сендер 5 қыркүйекте өлесіңдер, үйлеріңде жарылғыш жарылады" деп жазады.