Архив событий

11/10/2016

Қостанайда лауазымды тұлғаға пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс сотта қаралуда

11/10/2016

Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК-нің 367 бабы 1 бөлігі бойынша айыпталған «Медсервис плюс» қазақстандық фармацевтикалық компаниясы» ЖШС Қостанай филиалының директоры 47 жастағы Галина Фистерге қатысты қылмыстық іс қаралуда.

Ұзынкөл аудандық сотында мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

11/10/2016

Ұзынкөл аудандық сотында "Жемқорлықпен күрес. Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара Ұзынкөл ауданының әкімінің, аудандық іскі істер бөлімі басшысының қатысуымен болды. Кездесу модераторы аудандық сот төрағасы А.Бөріктібаев болды.

Дөңгелек үстел барысында құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндер арасында жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Қостанайдағы спорт мектебінің бас бухгалтері сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуда айыпталып отыр

11/10/2016

Қостанай қаласының №2 сотына Қостанай қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер футбол мектебі» КММ бас бухгалтері болған 32 жастағы азаматша Д-ға қатысты қылмыстық іс түсті. Ол ҚР ҚК-нің 189 бабы 3 бөлігі 1,2 тармағы бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) айыпталып отыр.

Іс материалдары бойынша, азаматша Д. материалды жауапты тұлға бола тұра бөтен мүлікке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасап, мемлекетке материалдық шығын келтірген.