Архив событий

26/10/2016

Қостанай қаласы әкімдігінің бұрынғы қызметкері бостандыққа шықты

26/10/2016

Сотталушы Мақсұт Қалиев бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаның өтелмеген мерзімін жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішпен Арқалық қалалық сотына жүгінген.

Сотта УК 161/12 мекемесінің  өкілі сотталушы Қалиевті жақсы жағынан мінездеген. Адвокат өтінішті қанағаттандыруды сұраған. Өтінішті қарау кезінде сотталушы сот үкімімен тағайындалған жаза мерзімінің үштен бір бөлігін өтеген. Сотталушы М.Қалиев қамауда тәртіптік жазаға тартылмаған, сот үкімімен тағайындалған төлемдерді төлеген, іс бойынша азаматтық шағым жоқ.