Архив событий

17/10/2016

Өз қызын өлтірген адамға сот үкімі шықты

17/10/2016

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) айыпталған 48 жастағы Сергей Вотчильге қатысты сот үкімін шығарды.

Лисаковта сот Надежда Потапованың өліміне күдіктіні екі айға қамауға алуға санкция берді

17/10/2016

Қостанай облысының Лисаков қалалық соты ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық істе күдікті 24 жастағы Ж-ны екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. 

Қылмыстық тергеу органы азамат Ж-ны ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде сағат 21.00 шамасында Н.Потаповамен автокөлікпен Лисаков қаласындағы  "Өркен" ЖШС маңындағы бос алқапқа шығып, сол жерде туындаған келіспеушілік салдарынан азаматшаны өлтірді деп айыптап отыр. 

Жанжал барысында күдікті жәбірленушіні екі қолымен буындырып тастаған.

 

Қостанай облысының тұрғыны жасөспірімдерге азғындық әрекеттер жасағаны үшін 10 жылға сотталды

17/10/2016

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 124-бабы 1 бөлігі, 124-бабы 3 бөлігі (жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша айыпталған 59 жастағы Виктор Момотқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. 

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 27 қазаны 5 қарашасы аралығында Қарабалық ауылында В.Момот 10-11 жастағы екі қыз балаға қатысты азғындық әрекеттер жасап, өз жыныстық мүшесін көрсеткен. 

Қостанай облыстық сотында судьялар құқық қорғау органдарының және ҮЕҰ өкілдерімен бала құқығын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады

17/10/2016

 Қостанай облыстық сотында сот төрағасы Асламбек Мерғалиевтің, Ювеналдық сот судьяларының, облыс прокурорының орынбасары Әділхан Ерекешевтің, Қостанай облысы ІІД Ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Гүлмира Лежнинаның, Халыққа психологиялық көмек көрсету бойынша кризистік орталық жетекшісі Галина Ислямованың, Адвокаттар алқасы ювеналдық кеңесі, білім бөлімі, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдыры өкілдерінің қатысуымен «Балалар құқығын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.