Жаңалықтар

Жас мамандарға үлгі

27/03/2024

«Сот әкімшілігі департаменті» айдарында - Амандосова Сәуле Әбдіқайымқызы

Амандосова Сәуле Абдуқаймқызы - Қостанай қаласының №2 сот әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы.

Еңбек жолын сот жүйесінде 2002 жылдан бастап, 2010 жылға дейін Қостанай қаласының №2 сотының бас маманы болды.

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аталған сотта бас маманы- сот отырысының хатшысы болып жұмыс істейді. Сот жүйесіндегі жұмыс өтілі 21 жылдан астам.

Жала жапқаны үшін жауапқа тартылды

26/03/2024

   Қарабалық аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен – БАҚ арқылы жала жабу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Судья университет студенттеріне дәріс оқыды

26/03/2024

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жолдыбай Метаев Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің екінші және үшінші курс студенттеріне «Қазақстанның сот жүйесінің қалыптасу тарихы: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дәріс оқыды.

Жолдыбай Метаев студенттерге отандық сот жүйесінің қалыптасу тарихы, соңғы жылдары жүргізіліп жатқан реформалар, сот органдарының жұмысы және судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі, цифрландыру және сот ісін жүргізуде заманауи құралдарды қолдану туралы айтып берді.

Такси жүргізушісіне шабуыл жасау фактісі бойынша іс қаралды

20/03/2024

№3911-24-00-1/38

 

Қостанай қаласының №2 сотында жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылық қолдану қаупі арқылы жасалған тонауға оқталғаны, яғни бөтеннің мүлкін ашық ұрлауға оқталғаны үшін жұмыссыз Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 24-б. 2-б. 1-т., 191-б. 2-б.).

Сотта анықталды:

 

Тәртіптік жаза қолдану және жұмыстан шығару туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды

19/03/2024

Қостанай қалалық сотында Қостанай облысы әкімінің тәртіптік жаза қолдану және жұмыстан босату туралы өкімдерінің күшін жою және жұмысқа қайта қабылдау, мәжбүрлі жұмыссыз жүрген уақыттың жалақысын өндіріп алу туралы аз.К.-ның талабы бойынша азаматтық іс қарады.

2023 жылғы 3 сәуірде азамат К. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы лауазымына тағайындалған.

Банктерден қаражатты алынбады деп тану туралы талап қаралды

19/03/2024

Қостанай қалалық сотына талапкер О. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен "Home credit Bank" АҚ-на online-несие ресімдеу кезінде банктердің ақпараттық қауіпсіздік жүйесін сақтамауы, «Халық Банкі» АҚ пост-терминалында ерік білдіруге қарсы ақша қаражатын беруді, шоттан ақша қаражатын үшінші тұлғаға рұқсат білдіруге қарсы аудару және банктерден қаражатты алынбаған деп тану туралы талап арызбен жүгінді.

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін жауапқа тартылды

18/03/2024

 

Лисаков қалалық сотында ӘҚБтК-нің 73-б. 2-б. бойынша (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер, қайтадан) Б.-ғақатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалды қарау барысында құқық бұзушының сот отырысында алкогольдік мас күйде келгені анықталды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес  Б. алкоголь концентрациясы 2,29 промилле болатын орташа дәрежелі алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды.

Осыған байланысты оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Мемлекеттік тілді дамыту

15/03/2024

 Қостанай облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотында мемлекеттік тілдің рөлі мен маңыздылығын, сондай-ақ мемлекеттік тілде талап қою мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға мемлекеттік кірістер мен Әділет департаменттерінің, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының өкілдері қатысты.

Студенттермен кездесу

15/03/2024

Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Жауарова академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттері мен профессорлық – оқытушылық құрамының арасында «ӘРПК шеңберінде медиация» тақырыбында дәріс оқыды.

Студенттер мен оқытушылар кездесу кезінде бітімгершілікке жету және медиацияны жасасу арқылы даулардың аяқталуының артықшылықтары түсіндірілді.

Тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді.

 

Тонаушыға қатысты іс қаралды

14/03/2024

№3911-24-00-1/52

            Қостанай қаласының №2 сотында қызметтік үй-жайға заңсыз кіру арқылы ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша Павлодар облысының тумасы жұмыссыз К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 188-б. 3-б., 3-т).

            Сотта анықтады:

Беттер