Директор орынбасарына 7 млн. теңге айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласы № 2 соты ҚР ҚК-ның 368 бабы 2 бөл. қаралған қылмыстық істі жасады деп айыпталған 1973 жылы туған М.Сағнаевқа қатысты сот үкімін шығарды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Сағнаев «Локомотив» АҚ филиалының директорының орынбасары  қызметін атқарып акционерлік қоғам  жұмыскерлерінің жіберген тәртіп бұзушылықтары үшін жұмыстан шығару шарасын қолданбаудың өтемі ретінде директорға 2000 АҚШ доллары көлесінде пара беруде делдалдық еткен.

Тәртіп бұзушылық аталған жұмыскерлер басқарған ТМ-2 №6828 тепловозында жылпы мөлшері 120 литр 6 құтыдағы дизель табылуында болған.

Сот үкімімен Сағнаев ҚР ҚК-ның 368 бабы 2 бөл. қаралған қылмыстық істі жасауда кінәлі деп танылып,  ҚР ҚК 55 бабын қолданумен пара көлемінің жиырма есе артық мөлшерінде –  7 432 000 теңге айыппұл салынды, сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай қаласының №2 соты