Қарасу ауданының №2 сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облысының  Қарасу аудандық №2 сотында сот жүйесі қызметінің қол жетімділігі мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді. Іс-шараны аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы М. Делтаева өткізді

Кездесу барысында судья  1-жартыжылдықтағы істерді қарау қорытындысына, статистикалық көрсеткіштерге тоқталды. Мысалы, жыл басынан аудандық сотта 236 азаматтық іс, 11 қылмыстық іс, 52 әкімшілік іс қаралған. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш -  113 азаматтық іс, 12 қылмыстық іс, 55 әкімшілік іске тең болған.

Сондай-ақ сот төрағасы Қостанай облыстық сотының кеңейтілген кеңесінде 2014 жылдың 2- жартыжылдығында облыс судьяларының алдына қойылған мақсаттары мен міндеттерін атап шықты.

Статистикалық мәліметтерді саралаған судья жыл сайын азаматтардың судьяға деген сенімінің артып келе жатқандығын атап өтіп, медиация рәсіміне баса көңіл бөлінетініне тоқталды. 

Источник: 
Қарасу ауданының №2 соты
Теги: