«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістермен сәйкестендіру мақсатында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оларға сәйкес:

  • судьялыққа кандидаттар үшін жас шектелімі отыз жасқа дейін жоғарлатылды;
  • тағылымдамадан және полиграфологиялық зерттеуден өту талаптары жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды;
  • бос судья лауазымдарына конкурсқа қатысушылардың барлығы құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің және облыстық сотттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алуға тиіс. Сонымен қатар, егер облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушы өзі судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін немесе тұратын болса,конкурсқа қатысуғажіберілгеннен кейін облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысынқайта алуға тиіс емес.Сондай-ақ, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар даЖоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алудан босатылады.
  • судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған, сондай-ақ судья лауазымынан сот төрелігін ұйымдық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы берілген.

Бұл түзетулер 2017 жылы14 шілдеде күшіне енді.

Қайнар: 
Қостанай облыстық соты
Тегтер: