Қостанай облыстық соты мұғалімнен білім гранты бойынша шығынды өндіріп алу туралы сот шешімін жойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық соты «Қаржылық орталық» АҚ-ның білім гранты бойынша шығынды өндіру шағымын қанағаттандыру туралы қалалық сот шешімін жоюды және іс бойынша басқа шешім шығаруды сұраған Г.Дүзенованың шағымы бойынша азаматтық істі қарады.

Гүлдана Дүзенова Қостанай педогогикалық институтын «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бітірген. Ауылдық білім грантымен оқыған жас маман жолдамамен Әулиекөл ауданының Новонежен ауылында мектепке жұмысқа тұрған. Тұрмысқа шыққан соң отбасымен аталған ауданның өзге ауылына көшіп, жергілікті мектепке мұғалім ретінде жұмысқа орналасқаннан Дүзенова өзінен бір жарым миллион теңгеден астам қаражат өндірілетіндігі туралы сот шешімін алған.

Апелляциялық сот инстанциясы Г.Дүзенованың шағымы бойынша  азаматтық істі қарап Білім бөлімі Г.Дүзенованың Новонежен орта мектебінен жұмыстан шыққандығы туралы бұйрықты  қаржылық орталыққа жолдағанын, ал оның басқа ауылдық округте жұмыс істеп жатқандығы туралы құжаттарды уақытылы жібермегенін анықтады.

Азаматтық істер бойынша алқа ұғарымымен бірінші инстанциялы сот шешімін жойылып, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі