Қостанай облыстық сотының төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Бүгін Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамовпен кездесті. Кездесуге Қазақстанның Коммунистік Халық партиясының облыстық комитетінің бірінші хатшысы Алпысбай Алимбаев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Долгих, облыс әкімдігінің ішкі саясат Басқармасының бөлім басшысы Жанат Мурзабаева қатысты.

Кездесуде  М.Магеррамов «100 нақты қадамдар» ұлт Жоспарының іске асырылуы туралы айтты, оның ішінде заңнамадағы реформаларға тоқталды.

«Мемлекетте заңдар қалай жұмыс істесе, сондай күшті мемлекет. Мемлекеттік органдардың барлық өкілдерінің басты міндеті – барынша халыққа қызмет ету»,- деді депутат.

Облыстық сот төрағасы А.Мерғалиев пен депутат М.Магеррамов арасында толыққанды әңгіме сот шешімдерінің орындалуы туралы болды. Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі Комитетінің жұмыс тобының депутаты елімізде 21 мың қазақстандықтар алименттер төлемейді, еркін жүреді, бірақ сот шешімдерін орындамайды деді.

Төраға А.Мерғалиев өз кезегінде облыс соттары жұмысының негізгі бағыттары мен қорытындыларын айта отырып, атқару парақтарының жоғалу, елімізден тыс жерлерге шығуға шектеу қоюды уақытында алмау, сот орындаушыларының әрекеттерін заңсыз деп тану бойынша мәселелерді айтты. А.Мерғалиев сот тәжірибесінен нақты мысалдар келтірді, азаматтар қарыздарын төлегендерімен олар елімізден тыс жерлерге шектеу қоюды уақытында алмаған сот орындаушыларының кесірінен шыға алмағандарын айтты. Сот бұл жағдайда, азаматтарды қолдап, әділет Департаментінен шетелге бару билеттерінің және демалысының шығындарын өндірген.

Сонымен қатар облыстық соттың төрағасының қабылдауында азаматтар болған кезде, көбі сот шешімдерінің орындалмауына шағымданады. А.Мерғалиев қазіргі кезде соттар осы жағдайды бақылауда ұстауда, олар сот актілерінің орындалуын бақылайды деді. «Судьялар мемлекет, заңды және жеке тұлғалардың пайдасына миллиондаған соммалар өндіріп алуда және шешімнің уақытында орындалуынан азаматтардың сотқа деген сенімі артады. Біз өзіміз де осы шешімдердің орындалуына мүдделіміз»- деді төраға.

Кездесу соңында, облыстық сот төрағасы А.Мерғалиев депутат Магеррам Мамедовичке келгеніне алғыс айтты, оның айтқан барлық мәселелері назарға алынады деді, оның заң шығарушылық қызметіне табыстар тіледі.

Источник: 
Пресс-служба Костанайского областного суда