Қостанайда 6 жасар баланы қаза құштырған жол-көлік оқиғасына айыпты жүргізушіге үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында Андрей Коновальчукке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуында айыпты деп танылды.

Іс материалдары бойынша ағымдағы жылдың 4 наурызында  сағат 21.00 шамасында Қостанай қаласының Маяковский көшесімен өзінің "Lada 219410" маркалы автокөлігімен жүріп келе жатқан Коновальчук "Наурыз" шағын ауданының №6А үйінің жанында жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей жүру жылдамдығын арттырған.  Сонымен қатар жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жолақ арқылы өтпек болған жаяу жүргіншілер азаматша А-мен оның 6 жастағы ұлы Р-ға жол бермей көлігімен қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 жасар бала облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.

Сот үкімімен жүргізушіге қоныс колонияда 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және көлік жүргізуге қатысты жұмыс істеу құқығынан 5 жылға айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа Коновальчуктан 1,5 млн. теңге моральдық шығынды өндірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Пресс-служба Костанайского областного суда