Қызғаныштан жасалған қылмыс үшін үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қамысты аудандық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін қасақана жою бойынша Ч.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 106-бап 1-б., 202-бап 2-б., 1,5-т.).

Сотта анықталғандай, Ч., мас күйінде бұрынғы әйеліне деген қызғаныш сезімінен жәбірленуші У.-дың көлігін қасақана өртеп жіберген, соның салдарынан жәбірленушінің мүлкін жойған.

Сол күні Ч., жәбірленуші У.-дың іш аймағына пышақпен қасақана бір рет соққы беріп, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Көлік құралын қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан іс бойынша 6 400 000 теңге азаматтық талап қойылды.

Сот талқылауы барысында кінәлі әрекеттерді жасаудағы кінәсі расталды.

Сот талқылауы барысында прокурор сотталушы Ч.-ны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа жүйесінде өтеуді сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындады.

Сот Ч.-ның жеке басын, жасалған іс-әрекеттің ауыр деп танылған қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, істегі барлық мән-жайларды ескере отырып жазасын  ҚАЖ орташа қауіпсіздіктегі мекемесінде өтей отырып, 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

 

Источник: 
Қамысты аудандық соты