Пара алу фактісі бойынші іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ДЕЛО №3911-23-00-1/335

Қостанай қаласының №2 сотында бұрынғы полиция қызметкерлері И. және. А.-ға қатысты құқық қорғау органы қызметкерлерінің алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бопсалау жолымен пара берушінің пайдасына заңсыз әрекетсіздіктері үшін бірнеше рет ақша түріндегі пара алу фактісі бойынша  қылмыстық іс қаралды (ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары).

 

Сотта анықталды:

2023 жылғы 4-8 ақпан аралығында Қостанай облысы полиция департаментінің саптық бөлімшесінің инспекторлары А. мен И. Қостанай қаласының көшелерінде, сондай-ақ «Екатеринбург-Алматы», «Қостанай-Қарабалық», «Қостанай-Рудный» трассаларында патрульдеу кезінде жылдамдықты өлшеуге арналған құрылғы арқылы қозғалыстың рұқсат етілген жылдамдығынан асып кету  бойынша 9 автомашинаны тоқтатып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмау үшін жүргізушілерден 5 000-нан 51 000 теңгеге дейінгі мөлшердегі ақшалай соманы, сондай-ақ 10 литр бензинге талон алады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында және сотта сотталушылар қылмыс жасағаны үшін кінәні мойындамады, айғақтар беруден бас тартты.

Тараптардың ұстанымы:

Сот жарыссөздерінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға арнаулы шенінен айыра отырып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.

Жаза бойынша:

Сот жаза тағайындау кезінде сотталушы А - ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балаларының болуын мойындады. Ал И.-да жеңілдететін жағдайлар анықталған жоқ.

Сотталушыдардың қабылдаған антты бұзуы қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің санкциясы параның 60 еседен 70 есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде не мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазалауды көздейді.

Сотталушылардың жеке басын, жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот А. және И.-ды орта қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, оларды мемлекеттік қызметке лауазымдарға орналасу құқығынан өмір бойына айыра отырып, «полиция аға лейтенанты» арнайы  шендерінен айырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. .

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай қаласының №2 соты